«Болашаққа сенімді қадам» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Болашаққа сенімді қадам» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
29
наурыз
2022

«Болашаққа сенімді қадам» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

180 жалпы білім беретін мектепте 29.03.2022 жылы Тарих бірлестігінің ұйымдастыруымен «Болашаққа сенімді қадам» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: Ағымдағы жылдың 16 наурызында жарияланған Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында  «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты халыққа  жолдауын таныстыру.
Модераторлар тарих пәні мұғалімдері Абдиманапова Жадыра Ысабекқызы және Абикенова Бану Мұратқызы.
Кіріспе сөз тарих пәні мұғалімі Омиркулов Нұрлан Даниұлына берілді. Президент жолдауындағы маңызды мәселелер президенттік басқаруға негізделген билік жүйесін біртіндеп Парламентке ауыстыру,Парламент депутаттарының санын қысқарту,болашақта қос палаталы Парламенттен бір палаталы Парламентке көшу жоспары, жаңа облыс орталықтары құрылып олардың атаулары қайта жаңғыртылуы т.б.тоқталды.
Мектеп директоры Дәулетбек Ләззат Байшымырқызы 2022 жылдың 25 наурызында Алматы қаласында ұлттық кітапханада  болып өткен «Сенімен болашақ» атты  ата –аналар республикалық қоғамдық бірлестігінің форумында педагог мәртебесін көтеруге,ұрпақ тәрбиесіне бағытталған  мәселелерге тоқталды.
«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2019 жылғы 31 тамыздағы № 645 қаулысы қабылданып, ұстаздардарымыздың мәртебесі көтерілгендігі жайлы ақпаратты тарих пәні мұғалімі Даусова Бағдагүл Алдамбайқызы айтып өтті.
Бала құқықтарының қорғалуы, ата – аналармен ұстаздардың қарым – қатынасы жайында тарих пәнінің мұғалімі Мергенбаева Тұрымхан Батырханқызы сөз алды.
«Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қорғаншылық пен қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту  ережелері туралы, сонымен қатар отбасындағы ер азаматтың рөлі жайлы тарих пәнінің мұғалімі Нұрмағамбетова Аймереке Маратбекқызы баяндама жасады. Ортаға көптеген проблемалық сұрақтар қойылып ,мұғалімдер өз пікірлерін айтып, тәжірибелерімен бөлісті. Дөңгелек үстелге қатысушы ұстаздар "Жаңа Қазақстан" моделін құруда  ұрпақ тәрбиесі,ұлттық рухани құндылықтар,қоғамды азаматтық белсенділікке шақыру,жас ұрпақты кітап оқуға баулу т.б.әрекеттер кезек күттірмейтінін айтты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: