Акция "Қамқорлық" » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Акция "Қамқорлық"
17
қаңтар
2017

Акция "Қамқорлық"

ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАУ – ҚАЙЫРЫМДЫ ҚОҒАМНЫҢ ҚАҒИДАСЫ

Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар және ата-аналар! Мейірімді, бауырмал, көмекке дайын тұратын абзал адамдар – кез келген қоғамның негізгі тірегі. «Өмірде жақсылық жасауға әрдайым жағдай табылады» деуге әбден болады. Айналаңызға қарасаңыз кез келген жерден көмегіңізге мұқтаж адамды кездестіре аласыз. Бұлкезкелгенадамболуымүмкін, мысалы, қарт көршіңіз, кішкентайын өсіріп жатқан жалғызбасты ана, қиын жағдайға тап болған танысыңыз. Оларға уақытыңыз бен назарыңызды бөліңіз, көмегіңіз қажет емес пе екен, сұраңыз. Мысалы, қарт адамдарға сыртқа шығу қиын болса азық-түлігін тасып беруге болады немесе дәрісін әкеліп беріңіз. Бұл көмегіңіз болмашы болса да, еңбастысы, шынайы және шын жүректен шыққан ұсыныс болсын. Мейірімді іс жасағаныңызға өзіңіз де бір сәт риза болып қаласыз. Және, бұдан кейін де мейірімді істер легін жалғастыруға ықыласыңыз ашыла түседі. Көмегіңіз қандай түрде білдірілетіні аса маңыздыемес. Бұл:
- қолдан келгенматериалды көмек;
- физикалық көмек (үй жинасу, азық-түлік, дәрі-дәрмек жеткізу, кішкентай баланы қарай тұру жәнет.б.);
- кеңес айту; - рухани қолдау;
- тегін заңгерлік кеңес және т.б. болуымүмкін.
Бір дана адам: "Өркениетті қоғамға оның балаларға және қарттарға, яғни қорғансыз адамдарға қарым-қатынасына қарап баға беруге болады" деп бекер айтпаған.
«Қамқорлық» республикалық қайырымдылық акциясы жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып отыратын іс-шара. Алматы қаласы Білім Басқармасының 2017 жылғы 6 қаңтардағы № 03-3-4/62 жолдау хаты негізінде мектепішілік бұйрық шығарылып, ағымдағы жылдың 10 қаңтары мен 10 ақпаны аралығында біздің мектепте де «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы жүріп жатыр.
Басты мақсаты – тұрмысы төмен, көп балалы және жетім, мүгедек, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек және қолдау көрсету болып табылады. Сонымен қатар әлеуметтік себептерге байланысты мектепке баруға мүмкіндігі болмай қалатын балаларды алдын ала анықтап, оларға жәрдем беру. Жалпы, бұл акцияның өзектілігі мен қажеттілігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр десем болады.
Акция барысында атқарылатын іс-шаралардың жоспары жасалынған. Жоспар бойынша әлеуетті меценаттарға арнайы сұраныс хаттар жіберіліп жатыр. «Жалпыға міндетті оқумен қамту » айлығының барысында 2017 жылғы мектептің әлеуметтік паспорты жаңартылуда. Әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға мүмкіндігінше көмек көрсетіледі.

2017 жылдың 10 қаңтары мен 10 ақпаны аралығында жалпыға міндетті оқу қорынан бөлінетін тегін ыстық тамақпен қамтуға құжат жиналады. Қыркүйек айында рәсімделген құжаттарыңыз осы жылға қайта жаңартылады. Жаңадан қосылатын оқушыларға құжат жинау ақпанның 10 жұлдызына дейін жалғасады.

amorly-slayd.pptx [4,65 Mb] (cкачиваний: 21)
 
 
Акция "Қамқорлық"

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: