«Білімді мыңды жығар» тақырыбында сынып сағаты өтілді. » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Білімді мыңды жығар» тақырыбында сынып сағаты өтілді.
31
қаңтар
2022

«Білімді мыңды жығар» тақырыбында сынып сағаты өтілді.

№180 жалпы білім беретін мектепте  7 «И»  сыныбының сынып жетекшісі Сулейменова Асель Даулетовна                                           7 «И» сынып оқушыларымен  ZOOM платформасы арқылы қашықтан «Білімді мыңды жығар» тақырыбында сынып сағаты өтілді.
  Мақсаты: Оқушыларға мақалдың мағынасын ашқыза отырып, білімді мыңды жыға алатындығын дәлелдеу, білімдерін шыңдау. Логикалық ойлау қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту.
Көрнекілігі: Слайд, презентация, бейнеролик көрсету
Сынып сағаты барысында оқушылар өз ойларын ортаға салып, білім жайлы қанатты сөздердің мағынасын ашып, қойылған сұрақтарға аса қызығушылық танытып жауап берді. Сонымен қатар «Білімді мыңды жығар» тақырыбында тың ақпараттар алып және өздері жинаған мәліметтермен таныстырды. Осы тақырыпта видеоролик тамашалап, одан қандай ой түйгендерімен бөлісті. Білім алған әрбір балаларымыз – еліміздің мәртебесін асқақтатар азаматтары бола берсін деген тілекпен бүгінгі тәрбие сағатымызды қорытындыладық. Балалар да білімге деген құштарлығын арттыра отырып, әрдайым әдепті, тәртіпті, мәдениетті оқушы болып, жарқын болашағымыздың ертеңі болатындарына уәделерін берді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: