10
қазан
2023
Жылыжайда қиярларды бір тізбекке тізіп реттеу жұмысын жасады.
2023 жылы 18 қазан күні биология пән мұғалімі Жетписбаева Айгуль Жетписбаевна 5 сынып білім алушыларымен Жылыжайда ас көктерді жинастыру және қиярларды бір тізбекке тізіп реттеу жұмысын жасады. Мақсаты; оқушыларды еңбекке баулу. Оқушылар жыл бойына бақша дақылдарының шырынды және пайдалы жемістерін алу үшін жылыжайда қияр өсіру технологиясын қолдануға болатынын үйренді. Күздің ерте кезеңінде бұл үшін пленка жылыжайын қолдануға болады, ал қыста жылыжайда қияр отырғызу өсіру оңай. Қыста дұрыс өсірілетін жылыжай қиярлары топырақ дақылынан кем түспейді.