«Қашықтан оқыту жағдайында дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу жолдары» » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Қашықтан оқыту жағдайында дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу жолдары»
25
мамыр
2020

«Қашықтан оқыту жағдайында дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу жолдары»

Алматы қаласы Алатау аудандық Білім бөлімінің ұйымдастыруымен №180 жалпы білім беретін мектеп ұжымы 2020 жылдың 21 мамыр күні «Қашықтан оқыту жағдайында дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу жолдары» тақырыбында ZOOM платформасында онлайн форматта ауданымыздың директорлар корпусы мен оқу ісі орынбасарларының қатысуымен аудандық семинар өткізілді.. Дарынды оқушыларды тәрбиелеу мен оқыту - Қазақстанның зияткерлік әлеуетін сақтау мен дамыту қажеттілігіне негізделген. Әрбір оқушы тұлға ретінде қайталанбайды және өз ерекшеліктері жағынан жеке дара, демек, әрбір оқушының мүдделері мен бейімділіктерін толықтай қанағаттандыру мақсатында қажетті деген барлық қабілеттіліктерді дамытуға жағдай тудыру керек. Жекелеген пәндер бойынша ерекше дарындылық танытқан, жоғары қабілеттілік деңгейлерін көрсеткен балаларға жеке дара көңіл бөлу – дарынды тұлғаны қалыптастырудың бірден бір жолы.
Әрине бүгінгі көрсеткеніміз осы бағытта жүргізілген жұмыстардың бір парасы ғана. Және мұндай жұмыстар әр мектепте жүргізіліп отырғандығына сенімдіміз. Алатау аудандық білім бөлімімен ұсынылған онлайн – байқаулар, қашықтан өткізілетін олимпиадаларға қатыстыру қашықтан оқыту жағдайында дарынды оқушыларды ынталандырудың бірден бір жолы.
Жас дарындыларды қашықтан оқыту – оңай шаруа дей алмаймыз, бұл педагогтардан үлкен шығармашылық ізденпаздық пен үлкен күшті талап етеді. Дарынды балалардың мүмкіндіктерін ашу үшін жағдай тудыру, заманауи білім берудің басымдық бағыты болып табылады, өйткені мемлекет таңдаулыларын, оның зияткерлік әлеуетін қалыптастыру – біздің тәуелсіз жас мемлекетіміздің негізгі міндеттерінің бірі екендігі айқын.
Мектеп директорына, оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен физика пәні мұғалімі Жетібаева Роза Сергазиевна, ағылшын тілі пәні мұғалімі Жұмабекова Ләйла Мадиевна, информатика пәні мұғалімі Торыбаева Гүлжахан Әуезхановнаға тәжірибе алмасудағы қашықтан өткізілген семинар үшін алғыс білдіреміз. Еңбектеріңізге толағай табыс тілейміз.
#БІЗ БІРГЕМІЗ

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Теги:
семинар