Ұлы жеңіске 75 жыл! Біз жеңістің ізбасарларымыз! » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ұлы жеңіске 75 жыл! Біз жеңістің ізбасарларымыз!
26
сәуір
2020

Ұлы жеңіске 75 жыл! Біз жеңістің ізбасарларымыз!

2020 жылы Ұлы Жеңіске 75 жыл. Еліміздің сан ғасырлық тарихында мақтаныш тұтар, бүгінгіміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар, кеудемізге қиналғанда үміт отын жағар оқиғалар мен Отан алдындағы адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар аз болмаған. Олардың қатарына: қазақтың ұлт болып ұйысуы мен оның ұланғайыр ата-қонысының қалыптасуын, ата-бабаларымыздың елімізге, тән өзіндік шаруашылық жүргізу жүйесін қалыптастыруын, батырларымыздың елі мен жерін, халқын сыртқы жауларынан қорғаған үлгісін жатқыза аламыз. Бұл соғыста Кеңес Одағын мекендеген барлық халық бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып Отанын қорғады. "Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар" – дей келе, Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай, ата-бабаларымыздың рухани тағзым ретінде, олардың ерен ерліктерін, жер, Отан, біздердің жарқын болашағымыз үшін жасаған ерліктерін мәңгілікке есте сақтап, жадымызда ұстаймыз. Қанша жылдар өтсе де, бұл соғыста ерлікпен қаза тапқан әрбір батырларымыз тарих төрінен орын алады және біз, ұрпақтары мәңгі жеңіс алауын сөндірмей, Отан үшін от кешкендерді әрдайым жүрек түкпірімізде ұстаймыз. #ҰлыЖеңістіңұрпақтары

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: