"Жаратылыстану ғылымдары —әлем айнасы" атты жаратылыстану ғылыми пәндер бірлестігінің онкүндігі өткізілді. » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Жаратылыстану ғылымдары —әлем айнасы" атты жаратылыстану ғылыми пәндер бірлестігінің онкүндігі өткізілді.
24
қараша
2022

"Жаратылыстану ғылымдары —әлем айнасы" атты жаратылыстану ғылыми пәндер бірлестігінің онкүндігі өткізілді.

2022 жылдың 14 қараша-24 қараша күндері аралығында "Жаратылыстану ғылымдары —әлем айнасы" атты жаратылыстану ғылыми пәндер бірлестігінің онкүндігі өткізілді.
Мақсаты: жаратылыстану пәндерінің алуан сырларын білуге, қоршаған ортаны қорғауға, танымдық білімдерін молайтып, ой-өрістерін кеңейтіп, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Апталық барысында география, биология, химия, физика пәндері бойынша ашық сабақтар өткізілді. 8 сыныптар арасында география пәнінен "География әлеміне саяхат" және 9 сыныптар арасында "Қызықты физика" интеллектуалды сайысы өткізілді. Апталық барысында биология пәнінің мұғалімі Алимбаева Н.С " "Сабақтарда табысқа жету жолдары" тақырыбында мұғалімдер арасында "Коучинг" өткізді.
Химия пәні мұғалімі Искакова Т.А «Бағалау тапсырмаларын құрастыру» тақырыбында коучинг өткізілді. Апталықтың қорытынды салтанатты жиынында Алматы технологиялық университетінің "Химия, химиялық технология және экология" кафедрасының оқытушылары техника ғылымдарының кандидаты Калимолдина Лейла Маутеновна, техника ғылымдарының магистрі Шайхова Жанат Ержиновна және Султангазиева Гулбарам Сапиевнамен кездесу өтті. Кездесу барысында химия және биология пәндері бойынша қызықты ғылыми ақпараттар мен осы пәндерге байланысты мамандықтар туралы айтылды. Оқушылар мамандыққа байланысты өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарына жауаптар ала алды. Апталық барысында белсінділік танытқан оқушылар марапатталды. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: