«Киім. Сән. Талғам» тақырыбында ашық сабақ » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Киім. Сән. Талғам» тақырыбында ашық сабақ
21
қыркүйек
2022

«Киім. Сән. Талғам» тақырыбында ашық сабақ

№180 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мырқасымова Гүлжамал Шәбденбекқызы қазақ тілі пәнінен 5«Б» сыныбында «Киім. Сән. Талғам» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: - киіну мәдениетіне байланысты көтерілген мәселені түсіндіреді, диалог, жарнама жасайды, сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарын ажырата біледі;
Сабақ барысында оқушылар топтық, жұптық, жеке жұмыстарға белсене атсалысты.
Оқушылар өткен сабақтарда алған білімдерін көрсете отырып, жаңа сабақтың тақырыбын анықтады. Киімнің қандай түрлері болатынын, олар қандай мақсатта қолданылатынын пікір алыса отырып талқылады. Бейнежазба арқылы ұстаздарының киім үлгісін көрсетуі оқушылардың қызығушылығын арттыра түсті. Сонымен қатар олар «Галереяға саяхат» әдісі арқылы сән үйіне саяхат жасап, ондағы киім үлгілерімен танысты. Тірек сөздерді қолдана отырып, жарнама мәтінін құрастырды.
Оқушылар жауабы «Білім терезесі» арқылы бағаланып, кері байланыс беріліп отырды. Сабақ соңында оқушылар «Жетістік баспалдағы» арқылы сабаққа рефлексия жасады. Сабақ оқушыларымыздың бойында киіну мәдениетін қалыптастырып, талғампаздыққа үйретті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: