«Қазақ тілінің мәртебесі өз дәрежесінде ме?» тақырыбында дебат ойыны » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қазақ тілінің мәртебесі өз дәрежесінде ме?» тақырыбында дебат ойыны
21
қыркүйек
2022

«Қазақ тілінің мәртебесі өз дәрежесінде ме?» тақырыбында дебат ойыны

№180 жалпы білім беретін мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің «Тілім менің – ғасырлардан аманат» атты онкүндігінің аясында «Қазақ тілінің мәртебесі өз дәрежесінде ме?» тақырыбында дебат ойыны ұйымдастырылды. Дебатқа 9-11 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар төрт фракцияға бөлінді: «Алаш», «Жалын», «Барыс», «Тайбурыл». Ойын екі кезеңді қамтыды. Әр фракция жеребемен «Үкімет», «Оппозиция» палаталарына бөлініп, ұсынылған тақырыптар бойынша өз пікірлерін қорғады. Дебат ойынының төрешілері сайланды. Әр кезең аяқталған соң төрешілер сараптама жасап отырды. Дебат өте тартысты өтті. Қорытынды бойынша 9-сынып оқушыларынан құрылған «Алаш» фракциясы І орынға ие болды. Ойынға қатысқан барлық фракция мүшелері мақтау қағазымен марапатталды. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: