Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу
02
қыркүйек
2022

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу

1-қыркүйек күні оқушылардың құқықтық білімдері және заң алдындағы жауапкершіліктерін арттыру мақсатында Алатау ауданы АПБ-сы ТБ-ің бастығы полиция майоры Сарсембаев Ержан Курмангазыулы және мектеп инспекторы Бегім Айбек Бейсенбекұлы 10-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында Қылмыстық жауапкершіліктің түрлерімен таныстырды. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыс жасау бүгінгі қоғамның күн тәртібінен түспейтін түйткілді мәселе екендігі туралы түсінік жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар білім алушыларды қылмыстық әрекететтерден бойларын аулақ ұстауға шақырды. Жиын соңында мектеп кітапханасына, оқушыларға қазіргі заман қаһарманына айналған батыр-полицей Ғазиз Байтасовтың өмір жолы мен ерлік істері туралы кітапты және полиция қызметкерлерінің күнделікті тыныс-тіршілігі мен шытырман оқиғалары туралы кітап табыстады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: