Қайырлы күн құрметті Қазақстандықтар, ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қайырлы күн құрметті Қазақстандықтар, ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!
10
қаңтар
2022

Қайырлы күн құрметті Қазақстандықтар, ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!

Қайырлы күн құрметті Қазақстандықтар, ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Мемлекетіміз күрделі кезеңді басынан өткеруде. Біздің тәуелсіздігімізге нұсқан келтіруші арандатушылардың жолы кесілді. Елі үшін өмірін қиған бейбіт күннің батырлары, ержүрек  азаматтарымыздың иманы саламат болсын! Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 10 қаңтар – жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды. Бүгін – елімізде қаралы күн. 

Қиын-қыстау кезеңінде барша Қазақстандықтардың рухын жігерлендірген, елімен бірге екендігін өз мәлімдемелерінде баян еткен  Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың шұғыл, батыл шешімдеріне үлкен алғысымызды білдіреміз. 

Баршаңызды президентіміздің төңірегіне топтасуға шақырамын. Бүгінгі Мәжіліс отырысында президентіміздің  үндеуін тыңдап,  сіздерді бір ауыздан қолдауға шақырамын.

Біз Отанымызға қауіп төндірген қасіретті сын сағаттарды басымыздан өткіздік, жүрегіміз сыздады. Осы күндердегі Отансүйгіштік қасиеттеріңізге ризашылығымды білдіре отырып,  Мемлекет басшысының тапсырмаларын үлкен жауапкершілікпен орындағандарыңыз үшін сіздерге және сіздердің отбасыларыңызға үлкен алғысымды білдіремін. 

Сүйікті қаламыз Алматының қайта қалпына келтіру жолындағы еңбектен ешқайсымыз аянып қалмайық. 

№180 жалпы білім беретін мектеп директоры Дәулетбек Ләззәт Байшымырқызы.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: