Педагог жұмысқа конкурс арқылы қабылданады » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Педагог жұмысқа конкурс арқылы қабылданады
01
ақпан
2024

Педагог жұмысқа конкурс арқылы қабылданады

Алматы қаласы Алатау ауданы «№180 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі төмендегідей бос және уақытша бос лауазым бойынша конкурс жариялайды:


Конкурс жариялаған мекеме атауы: «№180 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Конкурс өткізу орны: Алматы қаласы Алатау ауданы Саялы ы/а, Аққайнар 7 

Байланыс телефондары: +7(727)3383907, 

Қосымша ақпараттарды: моб.+77471514830, 87478631220

Электронды почтаmektep_180@mail.ru


  • Конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидаттардың құжаттарын қабылдау «№180 жалпы білім беретін мектепте» 214 кабинетте 01-08 ақпан күндері   аралығында жүргізіледі. 
  • Кандидаттар құжаттарының қорытынды отырысы 2024 жылдың 08 ақпан күні жарияланады.
  • Конкурсқа қатысатын бос және уақытша бос лауазымдардың негізгі функционалдық міндеттері, еңбек ақы төлеу мөлшері мен шарттары төмендегідей белгіленген:
  • Математика пәні мұғалімі лауазымына сай өткізу еңбек ақысы – 100 000 теңгеден бастап. 
  • Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын талаптары: білім алушылармен жұмыс істей білуі, оларға өз бағыты бойынша дұрыс және толыққанды білім беруі...
  • Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күннен бастап есептеледі;
  • "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына сәйкес

ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ:

  1. Осы құжаттарға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш
  2. жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
  3. кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
  4. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  5. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
  6. "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
  7. психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  8. наркологиялық ұйымнан анықтама;
  9. Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда)
  10. 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің немесе уақытша бос лауазымына кандитаттың толтырылған Бағалау парағы.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: