“МЕКТЕП - АТА-АНА - ОҚУШЫ” ата-аналар форумы » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “МЕКТЕП - АТА-АНА - ОҚУШЫ” ата-аналар форумы
20
қаңтар
2024

“МЕКТЕП - АТА-АНА - ОҚУШЫ” ата-аналар форумы

🔹2024 жылдың 20.01 күні мектебімізде “МЕКТЕП - АТА-АНА - ОҚУШЫ” тақырыбында ата-аналар форумы болып өтті. 
🔹Форумның басты мақсаты мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
🔹Жағымды көңіл-күй қалыптастыру мақсатында алдын-ала безендірілу жұмыстары жасалып, үнтаспадан домбыра үні қойылып, сынып жетекшілер ата-аналарды қарсы алды. 
🔹Келген ата-аналар QR код арқылы тіркеліп, басты фойедегі арнайы презентциялармен таныс болды. Презентация барысында алғашқы сөз кезегін мектебіміздің директоры Ляззат Байшымырқызы алып,  енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды, оқушылар мен ұстаздардың жетістіктерін айтып өтті. 
  Мектебіміздің әлеуметтік педагогы Ляззат  Құттыбайқызы ата-аналарға арналған “Google Sites”платформасымен таныстырды. 
Мектеп психологы Қанаш Назерке Талапбекқызы ата-аналармен психологиялық тренинг жүргізіп, жағымды көңіл-күй орнатты. 
🔹Форум ата-аналардың пән мұғалімдерімен кездесуімен жалғасын тапты. Бұл кездесуде ата-аналар пән мұғалімдерімен жеке сөйлесіп, баласының үлгерімі мен тәртібі туралы толығырақ ақпаратты біле алды. Мұндай ашық диалог мектеп пен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға көмектеседі, сонымен қатар балалармен жұмысты тиімді жүргізуге ықпал етеді деп ойлаймыз.
Біз әрқашан оқушыларымызға және олардың ата-аналарына қолайлы және ашық орта жасауға тырысамыз және әрбір кездесу пайдалы және мектебіміздегі білім сапасын арттыруға көмектеседі деп сенеміз.
🌹Осы кездесуге қатысқан барлық ата-аналарға алғысымызды білдіреміз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: