Kitap.kz платформасы » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Kitap.kz платформасы
12
қаңтар
2024

Kitap.kz платформасы

2024 жылдың 12 қаңтар күні Алматы қаласы Білім басқармасымен бірлесіп «BilimLand» компаниясы «Алматының оқуға құштар мектебі», «Алматы қаласының ең көп оқитын мектебі», «Ең белсенді оқырман» байқауларының жеңімпаздарын марапаттады. 

        Мектебіміз «Алматының оқуға құштар мектебі» байқауының жеңімпазы болып марапатталса, 1 «В» сынып оқушысы Аманбай Муслим «Ең белсенді оқырман» болып алғыс хатпен және Руал Даһл Матилданың кітабын сыйға алды.

        Осы жетістіктерді ескере отырып «BilimLand» компаниясы мектебімізге «BilimBook» ноутбугын сыйға тартты.  

Kitap.kz қосымшасын жүктеп алу арқылы мұғалімдер мен оқушыларымыз өздеріне  ыңғайлы уақытта, кез келген жерде оқып, аудиокітаптарды тыңдай алады. Сонымен қатар бос уақытын тиімді пайдалануда Kitap.kz қосымшасы көмекші құрал болып келеді.

      Алматы қаласы Білім басқармасы мен «BilimLand» компаниясының ұйымдастырушыларына мектеп ұжымы, ата-аналар атынан АЛҒЫС БІЛДІРЕМІЗ!






Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: