№180 жалпы білім беретін мектептің 2023 жылғы жұмысының қорытындысы » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №180 жалпы білім беретін мектептің 2023 жылғы жұмысының қорытындысы
22
желтоқсан
2023

№180 жалпы білім беретін мектептің 2023 жылғы жұмысының қорытындысы

     2023 жылы №180 жалпы білім беретін мектеп білім беру саласы арттыруға бағытталған іс-шаралар жоспары қабылданып, іске асырылды. 

      Алматы қаласы әкімінің тапсырмасымен Алматы қаласында алғаш рет 2023 жылы «Мектеп автобусы» ауқымды жобасы бойынша мектебіміздің 145 оқушысы 2 автобуспен тасымалданады.  Автобус  20 және 35 орындықты. Автобуста қауіпсіздік ережелері толық қамтамасыз етілген. 
      Бастауыш сынып оқушылары мен   халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан барлық жастағы оқушыларды тегін тамақтандыру жобасы да жүзеге асырылған. 1 қыркүйектен бастап мектепте 1-4 сыныптың – 925 оқушысы тегін тамақпен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, жалпы білім беру қорының бюджет қаражаты есебінен халықтың әлеуметтік осал топтары санатынан 5-11 сыныптың  – 81 оқушысы  мектеп асханасынан бір мезгіл тегін тамақпен қамтамасыз етілді
      Балаларды  жайлы және қауіпсіз ортамен қамтамасыз ету мақсатында 100 % (пайыз) қауіпсіздік жүйелерімен (бейнебақылау, дабыл түймесі, турникеттер, арнайы күзет) қамтамасыз етілді.
      Оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие   беретін педагогтардың біліктілігін арттыру мәселесі де жүзеге асырылды. Біліктілікті арттыру курстарынан 88   педагог өтіп, өз білімін жетілдірді.
      Мектептерді жаңғырту кезінде бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында барлық 63 оқу кабиенеттерінде және спорт залға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Соның ішінде 4 информатика, 1 математика кабинеті толық жиһазбен қамтамасыз етілді. Жаңа заманауи модификациялы 2 физика кабинеті, 1 биология, 1 робототехника кабинеті ашылды. 
       Алматы қаласы Білім басқарамасының «Алматы қаласының 2023 жылғы орта білім беретін үздік ұйымы» конкурсының лауреаты атанды.
       Қазіргі қоғамның білім беру жүйесінде трендке айналған әдіснамалық құралдардың бірі TopIQ.kz, Kitap.kz, Kundelik.kz платформалары  жүзеге асырылған. 
       Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуін күшейту, бала тәрбиесінде оң мәдениетті дамыту» мақсатында «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» ашылып, «Әжелер мектебі» құрылды. 

   Қорытындылай келе оқу мен оқытуды жақсартуда маңызды жұмыстар жүзеге асырылуда. Мектептегі оң өзгерісті жағдайлар   оқушылардың сапалы білім алуына сөзсіз септігін тигізері анық. 


 




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: