«Қызым үйде, қылығы түзде» атты қыздар жиналысы » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қызым үйде, қылығы түзде» атты қыздар жиналысы
12
мамыр
2023

«Қызым үйде, қылығы түзде» атты қыздар жиналысы

2023 жылы 12 мамыр күні 9-11 сынып қыздарына арналған «Қызым үйде, қылығы түзде» атты қыздар жиналысы өткізілді. Мақсаты: қыздар арасындағы буллинг пен құқық бұзушылықтың алдын алу. Қыздарға тәрбиелі, білімді, өнерлі болуға, өз бойларын, ойын дөрекіліктен сақтандыру, инабатты қыз болып өсуге баулу. Қыздар жиналысы барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алха Амангелдіқызы мектеп ішіндегі ішкі тәртіпті сақтай отырып, қыздар арасындағы кибербуллингке жол бермеуге шақырды. Сонымен қатар, тарих пәні мұғалімі Жадыра Ысабековна қазіргі таңда қыздар арасында намысқа тию, желі арқылы дөректі сөйлеу, кемсіту сөздерін айту сияқты өрескел қылықтар жиілеп кеткенін айтып, қыз қылығына жат әдеттің алдын-алу және болдырмау жолдарын айтып өтті. Мектеп психологі Салтанат Даулеткелдиқызы «Біз бірге өмір сүреміз» тақырыбында шағын бейнеролик көрсетті. Қыздар жиналысы соңында жиналысқа қатысушы қыздар буллингке жол бермеу керектігін түсінді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: