"Бастауыш - білім негізі" атты бастауыш пән онкүндігінің жабылуы » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Бастауыш - білім негізі" атты бастауыш пән онкүндігінің жабылуы
27
ақпан
2023

"Бастауыш - білім негізі" атты бастауыш пән онкүндігінің жабылуы

2023 жылдың 24 ақпан күні "Бастауыш - білім негізі" атты бастауыш пән онкүндігінің жабылуы өтті. Онкүндікті өткізудегі мақсатымыз:
1. Оқушылармен сыныпта және сыныптан тыс жұмыстар жүргізе отырып, білім, білік дағдыларының қалыптасуын дамыту.
2. Оқушылар шығармашылықтарын шыңдау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, өз беттерімен жұмыс істеуге баулу, үйрету.
3. Оқушыларды елін, жерін сүюге баулу, патриоттық сезімдерін ояту. Рухани адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру.
Жабылу салтанаты 4-сынып оқушыларының ұстаздарға алғыс айту өлеңдерімен басталып, басқа да бастауыш сынып оқушыларының ән, күй, көріністерімен жалғасты. Соңында құттықтау сөзі директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Шоқабаева Шолпан Торгаевна мен Мусаханова Мейз Тасбулатовнаға берілді. Ашық сабақтарын жоғары деңгейде, жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы өткізген бастауыш сынып ұстаздары әр түрлі номинациялар бойынша мақтау қағаздарымен салтанатты түрде марапатталды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: