Ашық сабақ » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ашық сабақ
21
ақпан
2023

Ашық сабақ

2023 жылдың 20 ақпан күні "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының республикалық кәсіби даму институтының аға оқытушысы, бастауыш сынып тренері- Карабалаева Назерке Алимбайкызының қатысуымен, мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі педагог-зерттеуші Джумабекова Сымбат Ерболовна 1 «Г» сыныбына математика пәнінен ашық сабақ өткізді.
Сабақтың тақырыбы: №83 сабақ. Жыл мезгілдері, айлар, апта күндері / Дәстүрлі мерекелер/
Сабақтың мақсаты: Жыл мезгілдері, айлар, апта күндерінің ретін білу.
Әр жыл мезгіліне байланысты Абай Құнанбаевтің өлең шумақтарынан үзінді жатқа оқу арқылы топқа жыл мезгілдердің атауын қойып, топқа бөлді.
Математикалық диктант алу арқылы жаңа сақтың тақырыбын ашты.
«Ой қозғау», «Қолшатыр» әдістерін тиімді қолдана отырып, жеке және топтық жұмыстарын жүргізе білді. Сабақ соңында саралау тапсырмасын да қызықтыра орындата білді. Оқушылар сабаққа белсенді қатысып, мұғалім сабағын жоғары дәрежеде өткізді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: