«Баланың бос уақыты нені білдіреді?» тақырыбында жүргізілген профилактикалық жұмыстары » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Баланың бос уақыты нені білдіреді?» тақырыбында жүргізілген профилактикалық жұмыстары
21
ақпан
2023

«Баланың бос уақыты нені білдіреді?» тақырыбында жүргізілген профилактикалық жұмыстары

2023 оқу жылындағы №180 жалпы білім беретін мектебінде
рейд іс-шаралары және ата-аналар жиналысында
«Баланың бос уақыты нені білдіреді?»
тақырыбында жүргізілген профилактикалық жұмыстарының есебі. Мақсаты: Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және білім алушылардың бос жүруін, ата-ананың рұқсатынсыз жасырын түрде еңбек ететін білім алушыларды анықтау мақсатында Саялы ықшам ауданында орналасқан дүкендер, сауда үйлері мен кафе, компьютерлік клубтар және де басқа мекемелеріне рейдтік іс-шара жүргізілді. «Түнгі қаладағы балалар» дәстүрлі республикалық акциясы барысындағы рейд қорытындысы бойынша мектептің білім алушылары кәмелетке толмаған балалар және мәжбүрлік еңбек жөнінде бар фактілі жерлер анықталған жоқ. Мектеп әкімшілігі, мектеп инспекторы мен сынып жетекшілері ата-аналармен бірлескен жиналыс өткізіліп, балаларды қадағалауды тапсырды. Мектеп әкімшілігімен ата-аналар, сынып жетекшілер бірлесе отырып, тығыз жұмыс жүргізілуде. «Баланың бос уақыты нені білдіреді?»
тақырыбында ата-аналар жиналыстары өтті. 1-11 сынып ата-аналарына балалардың бос уақытын тиімді пайдалану, әр түрлі үйірмелерге қатыстыру туралы профилактикалық жұмыстар жүргізіліп отырады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: