Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсететін мамандарға арналған аудандық семинар » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсететін мамандарға арналған аудандық семинар
18
наурыз
2024

Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсететін мамандарға арналған аудандық семинар

       2024 жылдың 18 наурыз күні лматы қаласы Алатау ауданы Білім бөлімінің ұйымдастыруымен психологиялық-педагогикалық қолдау мамандарына арналған «Психологиялық педагогикалық қолдау көрсететін  мамандарға арналған аудандық семинар» өткізілді.

       Алатау ауданы Білім бөлімінің әдіскері А.Б.Смагулова ерекше білім алуды қажет ететін білім алушылармен жұмыс жүргізіп отырған психологиялық-педагогикалық  қолдау мамандарының жұмыс мен еңбектері туралы айтып өтті. 

      Мектеп директоры  Л.Б.Дәулетбек мектепте жүргізіліп отырған жұмыс барысы мен психологиялық-педагогикалық қолдау мамандарының білім алушылармен жүргізілген жұмыс нәтижесінде екі оқушы денсаулығы түзеліп, толық сынып оқушылар қатарына өткендігімен тағы да бір құттықтап өтті. 

         Директордың оқу ісі  жөніндегі орынбасары ППҚК үйлестірушісі К. Нұрланқызы Инклюзивті білім беру жұмысын бақылау кезеңінде қолданылатын нормативтік құқықтық актілермен таныстырды. Мектеп бойынша ерекше білім алуды қажет ететін 10 оқушымен логопед-фефектолог – 1, педагог-асистент – 1, педагог-психолог – 1 мамандардың сынып жетекшілер мен ата-аналармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды. Пән мұғалімдерінің жұмыс мазмұнын анықтайтын құжаттарымен таныстырды. 

Жаратылыстану пәні мұғалімі:Толекова Д.Д «Білім берудегі педагогикалық дизайн» тақырыбында пән мұғалімдерінің ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен саралап оқытуды ұйымдастыру жолдарын түсіндірді. Оқу әрекетінде  алған білімін көрсетудің түрлі құралдары: оқушыларға өз білімін көрсетудің бірнеше тәсілін ұсындыСонымен қатар, Special-edu.kz платформасын қолдану арқылы ерекше білім алушыларға қолданылатын оқу-әдістемелік құралдармен таныстырды. 

        Бастауыш мұғалімі:  Жұмабек А.Д  «Бастауыш сыныптағы білім алушылардың жеке бағдарлама бойынша жүргізілетін жұмыстары» тақырыбында пән мұғалімдеріне Ерекше білімді қажет ететін  білім алушыларға арналған үлгілік оқу бағдарламасы (бастапқы білім) №51 БҰЙРЫҚ    негізінде  special-edu.kz  сайтында   көрсетілген  оқулықтармен және сол жердегі мұғалімдерге берілген әдістемелік нұсқаулықты пайдалана отырып, күнтізбелік жоспарын құрастырып, күнтізбелік жоспар негізінде қмж жоспарын құрастыру қажет.

        Мәселен, менің сыныбымда ерекше білім алуды қажет ететін оқушымен логопед, психолог, пән мұғалімдері   бірлесе жұмыс жасаймыз. Қазақ тілінде 42 әріп болса, 10 әріпті толық таниды және  өзінің толық аты-жөнін жаза алады,  сол аты-жөніндегі әріптерді нақты жазып, дауысты дауыссызға ажырата алады. Қалған әріптерді есте сақтау қабілеті бойынша ақырындап меңгеріп келе жатырмыз. Ол үшін күнделікті әріптерді қайталаймыз,  әріптерді бастырып жазамыз жәнеде суреттірді пайдалана отырып ауызша сөйлем құраймыз. 

        Логопедпен психологпен тапсырмаларды орындау барысында да өте белсенді. Жүргізілген жұмыс нәтижелерімен оқулардың ата-аналарын үнемі хабардар етіп отырамыз, сабаққа келіп қатысады.

        Қорыта айтқанда  біз пән мұғалімдері 2а, 2б , 3а формаларын  сынып жетекші ретінде әр тоқсан сайын толтырамыз. Егер көрсетілген белгі әлсіз көрінсе 1 балмен, егер белгілі елеулі дәрежеде көрінсе 2 балмен, кестеде сипатталған мінез-құлық сипаттамасы байқалмаса бол қалдыратынымызды білесіздер. Жыл басынан  салысытырып қарағанда  Саянда алға ілгерлеушілік бар жыл басында 39 бал болса, 3-тоқсанда 36 балға түсті.

Педагог-психолог Қанаш Н.Т : Блум таксономиясын тиімді пайдалана отырып, зияты жеңіл зақымдалған білім алушыны қалыпты білім алушылардың қатарын қосу мақсатында «Зияты жеңіл зақымдалған білім алушылардың танымдық процестерән дамыту» жолдары бойынша практикалық жолмен түсіндірме беріп өтті. Сонымен қатар жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылармен жұмыс нәтижелі болады егер:

Кәсіби бабамыздың құзыреттілікті анықталған дамыту , сүйегі дамуы қаңқа сүйектеріне қалыпты  арнайы балалар мен  антропологиялық дамуы зерттеулер бұзылған жүргізілгені балаларды олардың көптеген бірлестіріп нәтижелері оқытуда бірлескен нақтылы қызметінің кестелер, дербестендірілген суреттер және арқылы үздіксіз жүйеленіп процесі беріледі. 

  • Сонымен ретінде қатар ұйымдастырылса.
  • Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылармен тұрақты түрде жұмыс жасалынса.
  • Жұмыс барысында жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыны, жұмыс процесіне қызықтыра алса деген  гипотезасы айтылды.

       Қол моторикасын дамытудың жаңаша қарандаш тәсілі көрсетіліп, зейінін шоғырландыру бойынша жұмыстар көрсетілді. 

  Психологиялық-педагогикалық қолдау мамандарымен “Мен өз қалауыма тапсырыс беремін” Арт терапиясын ұйымдастырды. Арт-терапия барысында 2 топқа бөлініп, сезімдерін сурет арқылы жеткізе алды. 2 топ “фольга әдісі” арқылы жанына жақын адамына сыйлық жасап, сыйлық арқылы ішкі сезімдерімен бөлісті. Топ арасында бір-біріне деген эмпатиялық қарым-қатынас орнай алды. Арт-терапия кезінде ерекше күйге бөленгендерін айтып, бір-біріне жылы лебіздерін танытты.

Логопед-дефектолог маман Б.А.Киршибаева мамандарға дыбыстарды қою тәсілдерін практикалық жолмен көрсетті. 

Қорытындылай келе   психологиялық  педагогикалық қолдауды  қажет ететін білім  алушылар 7 «ә» сынып білім алушысы Қожағұл Мейірбек «Менің досым», 8 «в» сынып білім алушысы Жүндібай Жания «Тігінші»  әнімен өз   шығармашылығын көрсетті. 

    Психологиялық-педагогикалық қолдау мамандары ұжымға, мамандарға ерекше алғысын айтып, көптеген мағлұмат алғандарын жеткізді.  Алатау ауданы Білім бөлімінің әдіскері А.Б.Смагулова семинарды ұйымдастырып, жоғары деңгейде өткізгені үшін педагог мамандарды Алатау ауданы Білім бөлімінің грамотасымен марапаттады.



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: