Оқу және жазу дағдыларының алғышарттарын қалыптастыру » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оқу және жазу дағдыларының алғышарттарын қалыптастыру
21
ақпан
2024

Оқу және жазу дағдыларының алғышарттарын қалыптастыру

 

2024 жылдың 21 ақпан күні психологиялық-педагогикалық қолдау мамандары психологиялық-педагогикалық қолдауды қажет ететін білім алушылармен «Оқу және жазу дағдыларының алғышарттарын қалыптастыру» тақырыбында ата-аналардың қатысуымен ашық сабақ өткізді.

Мақсаты: психологиялық-педагогикалық қолдауды қажет ететін білім алушылардың:

Көру гнозисін, талдау мен жинақтауын дамыту;

Сөйлеу – көру функцияларын дамыту;

Оптикалық - кеңістіктік гнозис пен праксисті дамыту;

Көріп есте сақтауын және естіп есте сақтауын дамыту;

Ойлау қабілетін дамытуға арналған тапсырма

Оқу және жазу процесіне қатысатын танымдық аймақтарды дамыту.

      Сабақ «Жүрек жылуы» деп аталатын психологиялық ахуал орнатылудан басталды. 

Сергіту сәтінде балалар: «Мен ауылға барамын» әнін орындады.

Практикалық бөлімінде білім алушылармен топтық және жұптық жұмыстар жүргізілді. Жұптық жұмыстар ретінде келесі тапсырмалар ұсынылды:

Суретте бейнеленген әріптерді денеңмен көрсет;

 Суретте бейнеленген әріптерді жылдам тап;

Шаршы, шеңбер, тік төрт бұрыш, үшбұрыш пішіндерін жіп арқылы жасау және т.б.

Үйге тапсырма берілді. Суретті сызық бойымен қолын алмай аяқтап шығып, бояу қажет.

    Ата-аналар арасындағы жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыру мақсатында «Дөңгелекшелерді түсіне қарай сәйкестендір» ойыны арқылы аяқталдыТүзетудің түрлі әдіс-тәсілдерін ата-аналар тәжірибе  жүзінде меңгерді.

    «Жылы жүрек» әдісі арқылы кері байланыс жүргізілді, ашық сабақ жұмысы қорытындыланып, қосымша үлестірмелі материалдар таратылды. 

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: