Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Анонс 22 сентября

Автор: admin от 17-09-2018, 23:18, посмотрело: 63

0                                                                                                                                

Категория: ата-аналарға

 

Ұлы дала

Автор: admin от 29-11-2018, 05:57, посмотрело: 30

0 Ұлы дала
Ұлы дала
Ұлы дала

Бүгін, яғни 29 қарашада Елбасының "Ұлы даланың 7 қыры" мақаласы № 180 жалпы білім беретін мектептің ұжымымен талқыланды. Мектеп басшысының м.а. С.Ш. Молдасанова мақаламен таныстырып өтті. Мектебіміздің мұғалімі Нұрлан Омиркулов ұжым алдында "Ұлы даланың 7 қыры" мақаласын талдап, баяндама жасады.

Категория: мектеп туралы, оқушыларға, ата-аналарға

 

"Үздік спикер"

Автор: admin от 29-11-2018, 05:53, посмотрело: 13

0 "Үздік спикер"
"Үздік спикер"
"Үздік спикер"

Оқушымыз Ануар Жанбота аудандық TedxSchool атты ғылыми жобада ең үздік жоба көрсетіп, "Үздік спикер" номинациясын жеңіп алды. Үздіктердің ішінен үздік атанып жатқан қуанышымызбен бөлісіп жатырмыз.

Категория: мектеп туралы, мектеп дәстүрі, оқушыларға, ата-аналарға

 

Арайлы "Алтын күз"

Автор: admin от 27-10-2018, 01:55, посмотрело: 52

0 Алматы қаласы Алатау ауданы 180 ЖББ мектепте бастауыш сынып оқушылары арасында "Арайлы алтын күз" аясында "Күз ханшайымы" атты сайыс өткізілді.Сайыстың мақсаты: Оқушыларға күз сыры жайлы мағлұмат бере отырып,оқушылырдың білімін, тапқырлығын, іскерлігін ұйымшылдығын,өз ойларын, өнерлерін ортаға салып көрсете білуін, шеберлігін, іскерлігін дамыту.Табиғатты, қоршаған ортаны, отанын сүюге тәрбиелеу. Сайысқа 2- сынып ханшайымдары қатысты. Барлығы 14 ханшайым өз өнерлерін көрсетті.Сайыстың нəтижесі бойынша Бас жүлде иегері - Дамаева Сакина 2 "А" сынып, I орын - Əділхан Аружан 2 "И" сынып , II орын - Исаба Айару 2 "Ə" сынып, Серікқызы Томирис 2 "З" сынып, III орын - Батырхан Шұғыла 2 "М" сынып, Кəріпбек Аяжан 2 "Ғ" сынып,Асылбек Амина 2 "Ж" сынып оқушылары мадақтама грамотасымен жəне қалған оқушылар арнайы номинациялар бойынша марапатталды.Оқушылардың күз туралы танымдық деңгейі көтеріліп, білімді, жан- жақты болуға үйренді, үйренуге деген қызығушылықтары артты, шығармашылыққа, шапшандыққа, озық ойлы оқушы болуға тәрбиеленеді.

Арайлы "Алтын күз"
Арайлы "Алтын күз"
Арайлы "Алтын күз"

Категория: мектеп дәстүрі, оқушыларға, ата-аналарға, фотогалерея

 

сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмыстары

Автор: admin от 26-10-2018, 05:29, посмотрело: 67

0
Рухы биік адал ұрпақ

Білім ошағымыз № 180 ЖББ мектепте балаларға рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбие беру барысында «Адал Ұрпақ» атты еріктілер клубы жұмыс жасап жатыр. Қоғамымызда белең алған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті мектеп жасынан бастап қолға алған балаларымыз 8-сынып оқушыларының арасында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – басты парызымыз» тақырыбында практикалық сабақ өткізді.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында дәстүрге айналған «Рухани жаңғырудың жарқын жолы» атты сынып сағаты өткізіліп тұрады. Сынып сағатында рухы биік ұрпақты тәрбиелеу мақсатында патриоттық сезімдерін оята отырып, еліне деген адал қызмет етуін бала санасына ұқтыру – ұстаздарымыздың негізгі мақсаты болды.
Жасөспірім балалардың басым бөлігі құқық бұзушылыққа бейім тұратын болғандықтан, осы жолдың алдын алу үшін мектепте «Құқық бұзушылықтың алдын алу және балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіз мінез-құлқын насихаттау туралы» № 180 ЖББ мектебінде марафон ұйымдастырылды. Марафон барысында әр команда мектеп ішінде орын алатын әр түрлі келеңсіз оқиғалар мен құқық бұзушылық әрекеттерді көрсетіп, олармен қалай күресу керектігін, қалай алдын алу шараларын ұйымдастыруын үгіт-насихат ретінде баяндап берді. Мектеп – бала – ата-ана ұғымдары бір-бірімен тығыз байланысты пирамида болғандықтан «ХХІ ғасырдағы Қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол!» атты республикалық ата-аналар конференциясына мектебіміздің ата-аналары да қатысты.
«Бала – болашағымыз» дей келе, бала тәрбиелеу жолында аса ыждағаттылықпен қараған дұрыс. Себебі, болашақ – жастардың қолында.


сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру  бойынша «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының  жұмыстары

Категория: мектеп туралы, мектеп дәстүрі, оқушыларға, ата-аналарға

 
 

Мектеп өмірінен

Автор: admin от 19-10-2018, 20:38, посмотрело: 42

0 Мектеп өмірінен

Алматы қаласы Алатау ауданы 180 ЖББ мектептің 11а сынып оқушысы Досымқызы Айдана мен 11ə сынып оқушысы Мұратбек Бауыржан XI Президенттік олимпиадаға қатысып, Айдана физика пəні бойынша 2 орын, Бауыржан физика пəні бойынша 3 орын, химия пəні бойынша 3 орын алды.

Категория: оқушыларға, ата-аналарға

 

Мектепке қабылдауға қажет құжаттар

Автор: admin от 11-05-2014, 15:38, посмотрело: 3315

6 Бірінші сыныпқа қабылдау құжаттары:

1. Тууы туралы куәліктің көшірмесі
2. Медициналық кітапша (форма Ф026. Ф063)
3. Сурет 3х4 (2 дана)
5. Өтініш
6. Оқушының жеке іс парағы
 
Байланыс телефоны: 338-39-07, 87478631220 Нұрланқызы Камила
Жұмыс уақыты 9.00-18.00
Үзіліс            13.00-14.00
Тек жұмыс уақытында хабарласуыңызды өтінеміз. 

Категория: ата-аналарға